Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

Item 1 Title

Item 1 Description

 

 

Состоялся визит делегации холдинга «Байтерек» в Рим


28-29 марта с.г. в Риме при содействии Посольства Казахстана бизнес-делегация АО «НУХ «Байтерек» во главе с Председателем правления Ерболатом Досаевым провела ряд встреч с руководством группы компаний «Cassa Depositi e Prestiti spa», экспортно-кредитной компании «SACE», компании проектного финансирования «SIMEST», конфедерации итальянской промышленности «Confindustria», Агентства по торговле Италии («ICE»), а также в министерстве экономического развития Италии.

 

В рамках содержательных переговоров итальянские партнеры были ознакомлены с темпами экономического развития Казахстана, внутриэкономическими процессами и преобразованиями, а также деятельностью Холдинга «Байтерек» и его дочерних предприятий, в частности в области экспортно-кредитных операций, жилищного строительства, государственно-частного партнерства и т.д. Вошедшее в состав казахстанской делегации руководство АО «СК «Kazakh Export», АО «Банк развития Казахстана, АО «БРК-Лизинг» и ТОО «Kazakhstan Project Preparation Fund» создало рабочую группу с представителями компаний «Cassa Depositi e Prestiti spa» и «SACE» для рассмотрения потенциальных проектов с целью совместной реализации. В ходе обмена идеями в конфедерации «Confindustria» стороны согласились рассмотреть возможности организации и проведения ряда B2B мероприятий в рамках предстоящей международной специализированной выставки «EXPO-2017» в Астане. В дополнение ко всему собеседники были приглашены на 10-й Астанинский экономический форум (15-16 июня) с тематикой «Новая энергия – Новая экономика», организатором ряда пленарных заседаний которого выступает Холдинг. [ Қазақша, Русский]


 

 

Итальянская сторона высоко оценила уровень и темпы экономического развития современного Казахстана, отметила о наличии значительного потенциала для увеличения двусторонних торгово-инвестиционных отношений и контактов между странами. По данным казахстанских статистических источников, в 2016 году товарооборот между Казахстаном и Италией составил 8,3 млрд. долларов США. Таким образом, Италия стала вторым торговым партнером Казахстана в мире после России. В свою очередь, валовый приток прямых итальянских инвестиций в казахстанскую экономику за период с 2005 по 3 квартал 2016 года достиг более 5,7 млрд. долларов США.

 

 

Посольство

Республики Казахстан

в Итальянской Республике

 

 

 

БАҚ үшін ақпарат

«Бәйтерек» холдингі делегациясы Римге сапар жасады


Ү.ж. 28-29 наурызда Римде Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Басқарма төрағасы Ерболат Досаев бастаған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бизнес-делегациясының «Cassa Depositi e Prestiti spa» компаниялары тобының, «SACE» экспорт-несиелік компаниясының, «SIMEST» жобалық қаржыландыру компаниясының, «Confindustria» итальян өнеркәсібі конфедерациясының, Италияның Сауда агенттігінің («ICE») басшылығымен, сондай-ақ Италияның экономикалық даму министрлігінде бірқатар кездесулер өткізді.

 

Мағыналы келіссөздер шеңберінде итальян әріптестері Қазақстанның экономикалық даму қарқынымен, ішкі экономикалық процестермен және өзгерістермен, сондай-ақ «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес кәсіпорындарының атап айтқанда экспорт-несиелік операциялар, тұрғын үй құрылысы, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және т.б. салалардағы қызметімен таныстырылды. Қазақстандық делегацияның құрамына енген «Kazakh Export» СК» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «ҚДБ-Лизинг» АҚ мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС басшылығы бірлесе іске асыру мақсатында потенциалды жобаларды қарастыру үшін «Cassa Depositi e Prestiti spa» және «SACE» компанияларының өкілдерімен жұмыс тобын құрды. «Confindustria» конфедерациясында пікір алмасу барысында тараптар алдағы «EXPO-2017» халықаралық арнайы көрме шеңберінде Астанада бірқатар B2B іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мүмкіндіктерін қарастыруға келісті. Аталғанға қосымша сұхбаттасушылар «Жаңа энергия – Жаңа экономика» тақырыбындағы 10-шы Астана экономикалық форумына (15-16 маусым) шақырылды, оның бірқатар пленарлық отырыстарының ұйымдастырушысы болып Холдинг табылады.

 

Итальян тарапы қазіргі Қазақстанның экономикалық даму деңгейі мен қарқынын жоғары бағалап, елдер арасында екіжақты сауда-инвестициялық қатынастар мен байланыстарды арттыру үшін анағұрлым потенциалдың бар екенін атап өтті. Қазақстандық статистикалық дереккөздерінің мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 8,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Сөйтіп, Италия Ресейден кейін Қазақстанның әлем бойынша екінші сауда әріптесі болды. Өз кезегінде, қазақстандық экономикадағы тікелей итальян инвестицияларының жалпы ағымы 2005 жылдан 2016 жылдың 3-ші тоқсанына дейінгі кезеңде 5,7 млрд. АҚШ долларынан асты.

 

Қазақстан Республикасының

Италия Республикасындағы Елшілігі